Колледж радиотехники и связи
Суббота, 04.05.2024, 00:30
Меню сайта
Общение

Галерея

Библиотека
Форма входа
Посоветовать другу


GISMETEO: Погода по г.Семей
Главная » 2012 » Июль » 14 » Шығыс Қазақстан облыстық әкімділігінің білім беру басқармасының «Радиотехника және байланыс колледжі» КМҚМ оқуға қабылдаудың Ережелері
14:55
Шығыс Қазақстан облыстық әкімділігінің білім беру басқармасының «Радиотехника және байланыс колледжі» КМҚМ оқуға қабылдаудың Ережелері

1. Жалпы ережелер

1. Осы Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың ережелерін (бұдан әрі – Ережелер) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Білім беру ұйымдарына оқұға қабылдау типтік ережелер», Қазақстан Республикасының Білім беру және ғылым Министрінің 2008 жылдың 29 қарашасында №587 Бұйрығымен бекітілген,Заң министрлігімен 2007 жылдың 10 желтоқсанында №5030 тіркелген (Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрінің 2008 жылдың 21 мамырынан № 289 өзгерістер мен қосымшалар еңгізілген,Қазақстан Республикасының Заң министрлігінде 2008 жылдың 29 мамырында №5225, 2009 жылдың 8 маусымында №278, 2009 жылдың 7 маусымында №5716 тіркелген) сәйкес меншік нысаны және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына, жоғары техникалық мектептерге (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін бекітеді.

2. Радиотехника және байланыс колледжіне қабылданады:
• негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары
• Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады. Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім беріледі. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айкындалады.

3. Радиотехника және байланыс колледжіне оқуға түсу кезінде:
• I, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынын шыққан азаматтар үшін- 0,5 %; • жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін- 0,5%;
• ауылдың (селоның) әлеуметтік экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін-30%;
• Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін-2%;
• жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін-1% «Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген» қабылдау квотасы көзделеді.

4. Техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар азаматтар білім беру ұйымдарына оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін тиісті кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша (2 курсқа ақылы түрде) оқуға қабылданады;
Аталған санаттағы тұлғалар үшін түсу емтихандар тапсыру нысаны – тест өткізу «Радиотехника және байланыс» мамандығы үшін физика пәні. «Есептеу техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы үшін – математика пәні

5. Қабылдау келесі мамандықтар бойынша өткізіледі:
1306000 «Радиоэлектроника және байланыс»
• 1306083 «Пошталық байланыс технигі»
• 1306093 «Байланыс технигі»
• 13006123 «Техник – радиотехнигі»
• 13006032 «Байланыс операторы»
• 1306012 «Телекоммуникациялық желілер мен жүйелердің электрмонтері»
• 1306052 «Байланыс кабельші-монтажшысы»
1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
• 13004043 «Техник – бағдарламашы»
• 13004063 «Компьютер құрылысына қызмет көрсететін техник»
• 1304012 «Электронды есептеу машинасынын операторы»
0502000 «Телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техниканы жөндеу және қызмет көрсету»
• 0502012 «Аппаратураны жөндеу және қызмет көрсету радиомеханигі»

2. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу

1. Радиотехника және байланыс колледжінің қабылдау комиссиясы колледждің 2011 жылының1 наурызындағы №28 бұйрығының негізінде, өз жұмысын 2011 жылдың 1 сәуірінен бастайды.

2. Қабылдау ережелері, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі қабылдау комиссияларының шешімі туралы ақпарат, түсу емтихандарын өткізу жөніндегі кесте, оқуға түскені туралы нәтижелер уақытылы оқуға түсушілердің назарына жеткізілуі қажет.

3. Азаматтардың оқуға түсу өтініштерін қабылдауы: орталық буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында.

4. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне:
• білімі туралы құжаттың түпнұсқасын,
• № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы),
• 3х4 көлемдегі 4 суретті қоса береді .
• оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттар жеке ұсынылады.
• оқытудың нысандары бойынша және шарттық (ақылы) негізде оқуға түсушілердің өтініштері жеке тіркеледі және ескеріледі.
Радиотехника және байланыс колледжіне оқуға түсетін жалпы орта білім беру түлектері БҰТ немесе кешенді тестілеудің сертификатын көрсетуі қажет емес,оқуға түсушілердің өз еркісі арқылы ғана қарастырылады. Кешенді тестілеу (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан жалпы орта білімді бітірушілер) азаматтар оқуға түсу емтихандарынан босатылады және міндетті түрде 17-тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

5. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және: жалпы орта, мамандық бейіне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық «Радиоэлекторника және байланыс» - «Физика», «Есептеу техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» – «Математика» бейіні бойынша өткізіледі. негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер – негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және математика). Түсу емтихандарының нысаны- тестілеу қалыбында. Оқуға түсушілер түсу емтихандарды қазақ немесе орыс тілде тапсыру құқыққа ие.

6. Тестілеуге себепсіз келмеген оқуға түсушілер әрі қарай тестілеуге қатыспайды.

7. Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі.

8. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін азаматтар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 2 тамыз бен 25 тамыз аралығында, оқудың сырттай нысанына 2 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі. Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 2 тамыз бен 28 тамыз аралығында өткізіледі.

9. 2010 жылдың 2 тамызына дейін директордың бұйрығымен емтихандық комиссия құрастырылады, оның құрамына қазақ тілі, орыс тілі, тарих,математика мен физика оқытушылары кіреді. Қабылдау емтихандарын өткізенде әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының саны 30 болып белгіленеді. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады. Тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут (3 академиялық сағат), ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут(2 академиялық сағат) беріледі. Дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді. Тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады. Екі пән бойынша 20 балдан төмен алған оқуға түсушілер ( 9 сынып негізінде), үш пән бойынша 30 балдан төмен (11 сынып негізінде) қанағатсыз баға алады және конкурсқа қатыспайды.

10. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады. 25 тамыздан директордың бұйрығымен аппеляциялық комиссия құрылады. Тестілеу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға беруіне болады. Апелляция қабылдау комиссиясына емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін бір тәулік ішінде беріледі және түсу бойы өтініш берушінің қатысуымен аппеляциялық комиссияда қаралады.

11. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға болмайды.

3. Білім алушылар құрамына қабылдау

1. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, оның ішінде жоғары техникалық мектептердің интерграциаланған білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау конкурстық негізде күндізгі оқу нысанына 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында, оқудың сырттай нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады. Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта және жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер ескеріле отырып конкурстық іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын колледж айқындайды. Конкурс: ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) сертификаттарының балдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде; пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ-да немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің балдар сомасы осы Ереженің 10- тармағына сәйкес ескеріледі.

2. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауда мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауға конкурс өткізгенде: «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың; білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) женімпаздарының басым құқығы бар. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткізгенде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда (растайтын құжаттар болған жағдайда):
• жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,
• І және ІІ топтағы мүгедектер,
• медициналық-әлеуметтік сараптама тұжырымына сәйкес оқу орындарында оқуға қайшы келмейтін бала кезінен мүгедектер,
• мүгедек балалар,
• үздік білімі туралы құжаттары бар (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) азаматтар басым құқыққа ие болады.

3. Колледжге қабылдау мамандықтар, бөлімшелер, оқыту тілдері бойынша бөлек қабылдау комиссиясының ашық мәжілісінде жүргізіледі.

4. Колледж қойылған мерзімдер және қалыптар бойынша Білім беру басқармасына шұғыл статистикалық есепті және өткізгеннен кейін оқытылатындарды қабылдауын ұйымдастыру бойынша мәтіндік есеп береді

5. Осы Ережелермен реттелмеген сұрақтар колледждің қабылдау комиссиясымен шешіледі.
Просмотров: 2059 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Афиша
Календарь
«  Июль 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Архив записей
Наш опрос
Что Вы считаете залогом крепкого здоровья?
Всего ответов: 40
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2024 Rambler's Top100 Купим рекламу на вашем сайте. Система авторегистрации в каталогах, статьи про раскрутку сайтов, web дизайн, flash, photoshop, хостинг, рассылки; форум, баннерная сеть, каталог сайтов, услуги продвижения и рекламы сайтов